Бокс
20 мамыр 2025 09:34

UFC Канело Альварестің жекпе-жегіне қатысты бір шешімге келді

©instagram.com/canelo

UFC президенті Дана Уайттың мексикалық Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 КО) пен америкалық Теренс Кроуфорд (23-1, 9 КО) арасындағы супер айқасты ұйымдастыруға қатысы жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дана Уайттың басқа жоспары бар

Алдағы жекпе-жектің басты инвесторы Сауд Арабиясынан Турки әл аш-Шейх бұл жекпе-жек Riyadh Season фестивалі аясында Sela компаниясының ұйымдастыруымен өтетінін растады. Бұған дейін жекпе-жекті UFC президенті Дана Уайт пен TKO компаниясы жарнамалайды деп жоспарланған болатын.

Алайда жекпе-жектің 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке ауыстырылуы Noche UFC 3 турнирімен қабаттастырып отыр. Осыған байланысты, EverythingBoxing мәліметінше, Дана Уайт енді мексикалық жұлдыздың ивентіне араласпайды.

Канело мен Кроуфорд арасындағы супер айқас

Канело мен Кроуфорд жекпе-жегі туралы 4 мамырда ресми түрде жарияланған болатын. Бұл күні Эр-Риядтағы ANB Arena аренасында Канело кубалық Уильям Скуллды (23-1, 9 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атағын қайтарды.

Кроуфордпен жекпе-жекте Альварес төрт бірдей чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды. Ал америкалық боксшы бірден екі салмақ дәрежесіне жоғарылап, 2023 жылдың шілдесінен кейін рингке алғаш рет оралады. Қазіргі таңда Кроуфорд The Ring журналының pound-for-pound рейтингінде үшінші орында, ал Скуллмен айқастан кейін Альварес жетінші орыннан сегізінші орынға төмендеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport