UFC Елеусіновтің "Головкиннің орнындағы" боксшымен айқасатынын құлақтандырды

©ВКонтакте желісінен

UFC ұйымының ресми Istagram аккаунты қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусіновтің келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп жазады Vesti.kz.

Дәуреннің қарсыласы әлі жеңіліп көрмеген ирландиялық Каллум Уолш (9-0, 7 КО) болады, ал оның ісін Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер жүргізеді. Промоутер бұған дейін ирландиялық боксшының болашағы зор екенін айтып, Головкиннің жетістігін қайталай алатынын меңзеген болатын. 

Жекпе-жек 15 наурыз Нью-Йорктегі Madison Square Garden Theater аренасының кіші залында болады. Бұл айқастың жеңімпазы бірінші орта салмақта WBC Silver белбеуін иеленеді. 

Бұл кештің трансляциясын UFC FIGHT PASS арнасынан тамашлауға болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар