Ауыр салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы белоруссиялық Андрей Орловский кәсіпқой бокста сәтті дебют жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орловский АҚШ-тың Нэшвилл қаласында өткен Misfits Boxing ұйымының шоуында нигериялық футболшы әрі тележұлдыз Келечи Дайкпен қолғап түйістірді.
Айқастың шешуші сәті төртінші раундында болды - Орловский оң хукпен қарсыласын ауыр нокаутқа түсірпді.
Бұл – спорт ардагерінің биылғы жаңа спорт түріндегі үшінші сәтті дебюті. Бұған дейін ол Dirty Boxing және BKFC (жалаң қолмен жекпе-жек) ұйымдарында жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Андрей Орловский қатарынан үш рет нокаутпен жеңіске жетті.