UFC президенті Дана Уайт америкалық Теренс Кроуфорд (23-1, 9 KO) пен мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 KO) арасындағы супержекпе-жекті ұйымдастыруға өзінің қатысыт туралы мән-жайды айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жылдың басты оқиғаларының бірі атануы мүмкін бұл жекпе-жек 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
"Бұл тарихтағы ең үлкен жекпе-жектердің бірі болмақ. Мен үшін оның бір бөлігі болу үлкен мәртебе. Мен шоу аренасын ұйымдастыру, PR, жарнама және басқа да жұмыстармен айналысамын.
Қысқаша айтқанда, UFC Noche турнирі алдында жасаған жұмыстарыммен айналысамын. Бұл екі ірі шара бір демалыс күндері өтетіндіктен, уикенд от болайын деп тұр", — деді Уайт ESPN-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Канело кейінгі рет 2025 жылдың 3 мамырында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында кубалық Уильям Скуллмен жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Ал Кроуфорд кейінгі жекпе-жегінде өзбекстандық Исраил Мадримовты (10-2-1, 7 KO) жеңген болатын. Бұл кездесу 2024 жылдың тамызында АҚШ-та өткен еді.
Жарнама