Бокс
16 тамыз 2022 09:20

"Уақытты бекер жоғалту". Сарапшы Қанат Исламға қатысты ащы шындықты айтты

©Vesti.kz

Карьерасындағы бірінші жеңілістен кейін Қанат Исламның (28-1, 22 КО) рингке оралуы - уақытты бекер жоғалту. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық Delcotimes.com порталының журналисті Джек МакКаферри осындай пікір білдірді. 

"Қанат Ислам жасы келген боксшы. Ол рейтингтің жоғары шектеріне жеткенше белсенді болды. Одан кейінгі ең маңызды сәтте тоқтап қалды. Қанат өспей қалды және темпін жоғалтты. Ал кейінгі айқасындағы жеңіліс бір белгі. Оған тоқтау керек. 

Қанатқа бір-екі жекпе-жек өткізіп, статистикасын жақсартып, жанкүйерлерін қуанту керек шығар. Алайда титул үшін үлкен айқастарды ұмытса да болады. Ол мүмкіндігін жіберіп қойды. Енді промоутер немесе бапкерлікті байқап көруге болар", - дейді МакКаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport