"Уақыт келді". "Канело" Головкин салмағындағы чемпионмен жекпе-жекке шықпақ

Сурет: El Sol de México

Суперорта салмақтағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (58-1-2, 36 КО) жақын арада орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жекпе-жек өткізетінін меңзеді. 

Әзірге мексикалық бокс жұлдызы бар назарын IBF титлуына ие Калеб Плантпен абсолют чемпион атағы үшін айқасқа салып отыр. 

"Чарлоның уақыты келеді. Әзірге бар назарым Плантпен айқаста. "Канелло" мен Чарло жекпе-жегінің уақыты таяды!", - деп береді мексикалықтың сөзін vRINGe.com

Алайда Джермаллмен бірге Альвареспен жекпе-жекке бұрынғы әлем чемпионы америкалық Давид Бенавидес (24-0, 21 КО) те шыққысы келіп отыр: Бенавидес vs Чарло айқасы. Жеңгені "Канеломен" шығады. Сіздерге осы ұсыныс қалай? Екеуміз де Саульмен жұдырықтасқымыз келеді. Ендеше мұндай құқықты неге жеңіп алмасқа?".

Ал Чарло мұндайға келіспей отыр - ол "Канеломен" айқас үшін де орта салмақтан жоғары көтерілмек емес. 

Еске салайық, Чарло салмағында IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) де өнер көрсетеді.