Уәдесінде тұрды. Санжар Тәшкенбай Ташкентте алтын жеңіп алды

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Ташкенттегі әлем чемпионатының финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы грузиялық Сахил Алахвердовимен айқасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Санжар анық басымдықпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Санжар Тәшкенбай Қазақстан құрамасынан ӘЧ-де алтын алған бірінші боксшы болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport