Бокс
6 қараша 10:35

"Тізерлеп тұрып, кешірім сұрау керек". IBA басшысы ашуға мінді

©Global Look Press

IBA басшысы Умар Кремлев алжирлік боксшы Иман Хелифке қатысты туған дау бойынша пікір білдірді. 

Жуырда франциялық журналист Джаффар Айт Аудиа әлеуметтік желіде Хелифке қатысты медициналық сараптаманы жариялап, ол ер адам деген шешімге келді. 

"Томас Бах тізерлеп тұрып, барлық боксшыдан өтірігі үшін кешірім сұрау керек! IBA бұған дейін Олимпиадада қыздармен жұдырықтасқан ер боксшылар туралы ақпарат жариялаған. Le Correspondant басылымы Хелиф ер адам екенін растайтын деректерді келтірді. 

Халықаралық қауымдастық атынан біз ХОК, атап айтқанда Томас Бахтан жеке мүддесін бірінші кезекке қойғаны үшін кешірім сұрауын талап етеміз. Ол тізеге тұрып, намысын таптаған барлық қыздардан кешірім сұрап, жүлделерді қайтару қажет", - деп жазыпты Кремлев әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport