Әйгілі Майк Тайсон Александр Усик пен Энтони Джошуа арасындағы айқастан кейін твиттер парақшасында пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz басылымы.
"Усик пен Джошуа арасындағы жекпе-жекті тамашаладым. Екеуінің де көңіл-күйлері болмай жұдырықтасқандай көрінді. Қос алып та сылбыр қимылдады. Егер екеуі де менің жас кезімде қарсыластарым атанғанда тырнағыма да татымайтын еді", - дейді Тайсон.
Еске сала кетейік, Лондон төріндегі бокс кешінде украиналық былғары қолғап шебері ұпай санымен жеңіске жетті. Алайда соққылар статистикасына көз жүгіртсек, (641-529) британиялық басым болған. Бірақ Усик 148 мәрте дәл соққы бағыттаса, Джошуаның ұзын қолы Усикке 123 рет тиген.