Тұрсынғали Еділов: Олимпиадада кімнің алтын алатынын білемін...
Тұрсынғали Еділов – әуесқой және кәсіпқой бокста танымал тұлғалардың бірі. Сидней Олимпиадасында ұлттық құраманы бастап барған маманның төрт бірдей шәкірті финалға жолдама алған болатын. Олардың арасында Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимовтардың есімдері қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылды. Бапкерлік карьерасында талай боксшының бағын ашқан, бақ қонған белгілі жаттықтырушы Олимпиада алдында Vesti.kz сайтына арнайы сұхбат берді.

- Тұрсынғали мырза, Азия чемпионатынан кейін Олимпиаданың да ауылы алыс емес. Осы орайда Токио ойындарында жігіттерден қандай нәтиже күтесіз?
- Азия чемпионатын толыққанды көріп шықтым. Бокс маманы ретінде айтатын болсам, әрине жігіттердің көрсеткен нәтижесіне көңілім толмайды. Себебі қоржынымызға бірде бір алтын түспеді. Бір жағынан бұл сары құрлық турнирі бізге керек пе еді деген сұрақ туындайды. Оның үстіне жарыс Дубайда өтті. Өзбектердің мұндай бәсекелерде өздерін қалай ұстайтынын жақсы білеміз. Олимпиаданың алдында жігіттеріміз психологиялық тұрғыда сынып қалды ма деген ой келеді...
- Тәуелсіз қазақ елінің тарихында боксшыларымыз Олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтқан емес. Күншығыс елінде қанша жүлде алуымыз мүмкін?
- Олимпиада ойындарына тоқталсам, жүлде міндетті түрде болады. Алайда Токиода алтын алуымыз керек. Бұл біздің жігіттерге психологиялық тұрғыда ауадай қажет. Бұл жолы алтын медаль болмаса кейінгі төртжылдықтың басты жарыстарында жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілу қиын болады. Сол үшін бапкерлік штаб алдағы оқу-жаттығу жиындарында физикалық тұрғыда, психологиялық тұрғыда жақсы дайындық өткізуі тиіс. Өзіңіз айтып кеткендей Жазғы ойындарда отандастарымыз алтынсыз қайтқан емес. Сондықтан біздің команда міндетті түрде алтын алады. Қай салмақтан жүлде болатынын іштей сеземін. Алайда қазір ашып айтпаймын.
Жарнама