auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Тұрсынбайды зерттемедім, бәрін ринг шешеді". Ресейлік боксшы алдағы айқас жайлы

"Тұрсынбайды зерттемедім, бәрін ринг шешеді". Ресейлік боксшы алдағы айқас жайлы
Сурет: ВКонтакте желісінен

Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО) 10 шілдеде Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін бокс кешінде басты кардта шығатын отандастырымыздың бірі. Алғашында Құлахметтің қарсыласы Станислав Скороход (20-2, 17 КО) болған. Алайда украиналық спортшы жарақатына байланысты Алматыға келмейтін болғаны жайлы жазғанбыз. Нәтижесінде ұйымдастырушылар қысқа уақыт аралығында әуесқойлар арасында Азия чемпионы атағы бар Тұрсынбайға қарсыласты Ресейден тапқан болатын. Осы орайда Vesti.kz тілшісі 37 жастағы Алексей Евченкомен (19-14, 8 КО) жекпе-жек алдында арнайы тілдесті.

- Алексей, Алматыдағы бокс кешіне шығу туралы ұсыныс туралы айтсаңыз?

- Аяқ-асты болды. Менеджерім хабарласып Алматыда бокс кешіне қатысу туралы ұсыныс жасады. Ойланбастан бірден келістім. Себебі ресми жарысқа шыққым келіп жүрген. Соңғы уақытта пандемияның салдарынан көптеген бокс кештері болмай кеткен еді. Қазіргі уақытта алдағы кездесуге қызу дайындық жасап жатырмын. Негізі мұндай бәсекелерге әзірлікті бірнеше ай бұрын бастау керегін білемін. Дегенмен бұл ұсыныстың алдында күнделікті өзім тұратын Челябинсктегі бокс залында жаттығып жүргем. Сондықтан Алматыға дайын болып барамын деп ойлаймын. Ал жекпе-жекте кім жеңетінін ринг көрсетеді. Ең бастысы қос тараптан ауыр жарақат болмаса игі еді.

- Тұрсынбайды қаншалықты зерттеп үлгердіңіз?

- Шынымды айтсам, Тұрсынбайдың қандай бокс көрсететінін білмеймін. Оның солақай екенін жақында ғана білдім. Осыған дейін де қарсыластарымды аса қатты зерттемейтінмін. Бұл кәсіби тұрғыда дұрыс емес шығар. Алайда қарсыласыңды қанша танығаныңмен, жеме-жемге келгенде жеңімпазды ринг анықтайды.

- Алматының таулы аймақта орналасқанын ескере отырып, жаттығуыңызды тауда өткізіп жатырсыз ба?

- Челябинск қаласында жаттығып жатырмын. Әуесқойлармен бірге қарапайым залда жұмыс істеудемін. Алматының таулы аймақта орналасқанын жақсы білемін. Алайда ешқандай қиындық тудырмауы тиіс деп ойлаймын.

- Қазақ былғары қолғап шеберлерінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

- 3 жыл бұрын Америкада оқу-жаттығу жиынында жүргенімде қазақ жігіттерімен жақын танысқанмын. Барлығы мықты боксшылар. Сіздің елдің боксшылары дисциплинасымен ерекшеленеді. Қолмен жақсы жұмыс істейді. Ең бастысы тәртіпті алға қояды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама