Тұрсынбай Құлахметтің келесі кездесуі қайда өтетіні анықталды

29 қыркүйек 2021 19:30
©MTK_Kazakhstan

Жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұсынбай Құлахметтің (4-0, 3 КО) келесі кездесуі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Дереккөздің хабарлауынша, қазақстандық боксшы келесі кездесуін алдағы айда Ұлыбританияда өткізуі мүмкін. 

Қазіргі уақытта Құлахмет Манчестер (Англия) қаласында алдағы айқасына дайындық өткізуде. Жуырда ол бірінші жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Джош Тейлормен (18-0, 13 КО) кездесу өткізетін ағылшындық Джек Кэттероллмен (25-0, 13 КО) жаттығу жасады. 

Еске салайық, Тұрсынбай соңғы рет шаршы алаңға 10 шілде күні Алматы қаласында шығып, оныншы раундта техникалық нокаутпен ресейлік Алексей Евченконы (19-15, 8 КО) жеңді. Бұл кездесуде Құлахмет өзіне тиесілі WBC International белбеуін қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар