Бокс
4 қараша 2021 19:50
 

Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой бокста нокаутпен жеңілуіне кім кінәлі екені анықталды

  Пікірлер

blog.share

Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой бокста нокаутпен жеңілуіне кім кінәлі екені анықталды ©MTK Global

BoxingScene сайтының редакторы Эллиот Фостер қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-1, 3 КО) Доминикан Республикасының боксшысы Хуан Карлос Абреуден (23-6-1, 21 КО) жеңіліп қалғанына кімнің кінәлі екенін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол бұған дейін жеңілген қазақстандық туралы айтып, жалпы жеңіліске не себеп болғанын түсіндірді. 

blog.share

BoxingScene сайтының редакторы Эллиот Фостер қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-1, 3 КО) Доминикан Республикасының боксшысы Хуан Карлос Абреуден (23-6-1, 21 КО) жеңіліп қалғанына кімнің кінәлі екенін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол бұған дейін жеңілген қазақстандық туралы айтып, жалпы жеңіліске не себеп болғанын түсіндірді. 

WBC International белбеуі сарапқа салынған бұл кездесу 29 қазан күні Лондондағы (Англия) бокс кешінде өтті. Кездесудің басында Абреу нокдаунға түскен еді. Бірақ жетінші раунда ол Құлахметке бірнеше жақсы соққыларын дәл тигізіп, кейін нокаутқа түсірді. Бұл Тұрсынбайдың кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі болды. 

"Әуесқой бокста табысқа жетіп, кәсіпқой бокста ұтылып жатқан жас боксшылар туралы көп шу болуда. Жақсы дайындықсыз мықты қарсыластарға қауқар көрсету оңай емес екенін жақсы білеміз. Бұған Құлахметтің кездесуі де дәлел болды. Қазақстандық боксшы қарсыласының ауыр соққыларға шыдап, өзі одан мықты соққылармен жауап беретініне дайын болмады. Ол отандастары Ахмедов пен Жүкембаев жасаған қателіктерді қайталады. 

Бұл Құлахметтің командасының қателігі. Талантты болса да жас боксшылардың мұндай тәжірибелі жігіттерге қарсы шығаруға болмайды. Ауыр нокаут тіркелді. Енді аталған айқастан ол қандай сабақ шығаратынын алдағы уақытта көреміз. Дегенмен бұл жеңіліс Құлахметке керек емес еді", - деді Фостер. 

Еске салайық, Құлахмет әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, ол 2019 жылы Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Кәсіпқой бокста ол төрт кездесу өткізіп, үшеуінде қарсыластарын нокаутпен жеңген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!