Тұрсынбай Құлахмет 13 нокауты бар жеңілмеген қарсыласпен жекпе-жек туралы құлақтандырды

Сурет: MTK Kazakhstan

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегінде тамаша шоу ұйымдастыруға уәде берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында MTK Kazakhstan Қазақстан құрамасының боксшысы рингке 3 сәуір Дубайда венесуэлалық Хебер Рондонмен (20-0, 13 KO) жұдырықтасатынын хабарлаған. Бұл кездесуде қазақ боксшыға тиесілі WBC International титулы сарапқа салынады. 

"Ассалаумағалейкум достар. Бұйырса келесі жекпе жегімді 3 сәуір күні Дубайда венесуэлалық қарсыласпен өткізетін болдым. Көк туымызды биікке көтеріп ел намысын абыроймен қорғауды нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар.", - деп жазыпты Тұрсынбай Instagram желісінде.