Бокс
Кеше 20:50

Турнир қожайыны қазақстандық Азия чемпионын екі рет нокдаунға түсірді

©

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасындағы Рахмина Абдумежеитова Испанияда өтіп жатқан беделді Boxam Elite турнирінің келесі кезеңіне өте алмиады, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы турнир қожайыны - испаниялық Ноэлия Сальмерон Гутьерреспен кездесті. Бірінші раундта төрешілер 4:1 есебімен жергілікті спортшының басымдығын тіркеді. Екінші раундта нокдаунның арқасында испаниялық боксшы толық басымдық танытып, 5:0 нәтижесімен жеңіске жетті. Үшінші раундта да Рахмина барын салғанымен, жеңіс қарсыласына бұйырды. Кездесудің соңына қарай Сальмерон Гутьеррес қазақстандық боксшыны тағы бір мәрте нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, Рахмина Абдумежеитова - 2025 жылғы жастар және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport