Жартылай орта салмақта рингке шығып жүрген венесуэлалық Энрике Луис (11-5-1, 7 КО) қазақстандық Жанқош Тұраровпен (25-0, 18 КО) айқасы алдында ойымен бөлісті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшы Тұраровтың басты артықшылығын атады.
"Бұл мен үшін үлкен айқас болмақ. Маған ұсыныс түскенде бірден қабылдадым. Бір жағынан Қазақстанды жақыннан тануға мүмкіндік туады. Қарсыласымның жекпе-жектерін көріп шықтым. Техникалық әлеуеті жоғары былғары қолғап шебері екен. Ол өз елінде қолғап түйістіретіндіктен, жанкүйерлерінің алдында фаворит болатыны түсінікті. Алайда мен жеңіске жету үшін келдім. Рингте кім мықтыны анықтаймыз", - дейді Луис.
Еске салайық, 11 желтоқсн күні Тұраров пен Луис бокс кешінің басты айқасында IBO Intercontinental вакантты белбеуін сарапқа салады.