Тұраров титулдан айырыла ма? Бокс федерациясы жауабын берді

©Zhankosh Team

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясының лицензиядан айырылуына қатысты мән-жайды айтты. Осы бокс кешінде Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) IBO белбеуін жеңіп алған еді. 

Еске салайық, компанияның негізін Әлімжан Қалдияров қалаған болатын. Ол промоутер ғана емес, сонымен қоса, Жаңқоштың менеджері екенін де айта кетейік.

Жаңқош Тұраровтың чемпиондық айқасын ұйымдастырғандарға қатысты үлкен дау шықты

"Федерация боксшыларға қарсы ешқашан санкция қолданған емес. Біз жігіттеріміздің жетістіктерін үнемі қолдап жүреміз. Жанқош Тұраров қарсыласын лайықты жеңіп, титулға ие болды. Оның жекпе-жегі есепке алынады. Титулды алмаймыз. Санкция ереже сақтамаған промоутерлік компанияларға ғана қарсы қолданылады", - дейді Манкенов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар