Тұра алмай бүктетіліп қалды. Жас боксшы қарсыласын 80 секундта нокаутқа түсірді

©Tom Hogan / Golden Boy Promotions

Жеңіл салмақтағы америкалық боксшы Мигель Гаона (2-0, 1 КО) кәсіпқойдағы үшінші айқасында нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лос-Анджелестегі бокс кешінде ол пуэрториколық Абдиэль Падилямен (1-2, 1 КО) жұдырықтасты. Төрт раундқа есептелген айқас біріншісінде аяқталды: Гаоне қарсыласын 80 секундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, Гаона кәсіпқойдағы үшінші айқасында жеңіп отыр. Ал оның ісін Golden Boy Promotions компаниясы жүргізеді. Падилья болса карьерасында үшінші рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport