Жартылай ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Бектимир Меликузиев (9-1, 7 КО) перулік Давид Сегарраны (34-8, 21 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лос-Анжелесте өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Латын америкалық боксшы 25 жастағы Меликузиевтің бауырдан жасаған соққысынан кейін орнынан тұра алмады.
Төреші есеп ашты, дегенмен, 37 жастағы Сегарра ары қарай жұдырықтаса алмады. Осылайша, Бектемир нокаутпен жеңіске жетті.