Аса ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри алдағы уақытта ешқандай қарсыластарынан қорықпайтынын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Шынымды айтсам, кіммен шықсам да түкіргенім бар. Мейлі Александр Усик пен Энтони Джошуа болсын. Маған бәрібір. Тіпті Барни Рабблмен де айқасуға дайынмын. Маған бірінші кезекте қаржылай тұрғыда тиімді болу керек. Мәселен Усиктің титулдары, ал Джошуаның аты бар. Қайсымен болса да рингте жұдырықтасуға дайынмын", - дейді Фьюри.