Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокс кеші аясында жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша іріктеу жекпе-жегі өтті. Рингте жергілікті боксшы Эндрю Кейн (15–1, 13 KO) мен Мексика өкілі Алехандро Гонсалес (19–7–3, 11 KO) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектің сегізінші раундында Кейн екі рет нокдаунға түсті. Алайда тоғызыншы раундта ол кездесудің барысын түбегейлі өзгертіп, алдымен қарсыласын бір есеңгіретті, артынша төреші Гонсалеске екінші нокдаунды есептеп, жекпе-жекті тоқтатты. Айта кетейік, бұл кездесу бастапқыда 12 раундқа жоспарланған болатын.
Осылайша, Эндрю Кейн кәсіпқой карьерасындағы 15-жеңісіне жетті (13 нокаут) және ол карьерасында бір мәрте жеңілген. Ал Алехандро Гонсалес өз кезегінде 19 жеңіс пен үш тең ойыннан кейін жетінші рет жеңілді.