Трилогия болмай ма? Промоутер 2022 жылғы "Канелоның" қарсыласы кім болатынын айтты
Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмаққа ауысып, осы салмақта барлық белбеуді жеңіп алу керектігін айтты, деп жазады vRINGe.com порталы.
Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмаққа ауысып, осы салмақта барлық белбеуді жеңіп алу керектігін айтты, деп жазады vRINGe.com порталы.
"Ол өте мықты. Пандемия кезінде 12 айдың ішінде төрт кездесу өткізіп, бұған дейін жеңілмеген Каллум Смит, Билли Джо Сондрес және Калеб Планттан айласын асырып, әлемнің абсолют чемпионы атанды. Биыл біз оның 4 кездесуінің үшеуін ұйымдастыруға көмектестік. Және бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да "Канелоның" айқастарын ұйымдастыруға көмектесеміз деп сенеміз.
Енді "Канело" бесінші дивизионды - бірінші ауыр салмақты бағындыруды армандап жүр. Мен бұл туралы боксшының командасынан естідім. Менің ойымша, Саульдің бұл салмақты бағындыруға шамасы жетеді. Ол енді Дмитрий Бивол, Джо Смит және Артур Бетербиевпен кездесу керек деп ойлаймын. Бір жылдың ішінде Альварес аталған үш боксшыны да жеңе алады деп сенемін.
Ол қазірдің өзінде бокстың аңызына айналды. Дегенмен тарихты жаңарту үшін "Канело" бұдан да көп дүние істей алады. Оның үстіне Сауль мен оның бапкері Эдди Рейноса бұл туралы айтып жүр. Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болғанын елестетіп көріңізші. Сол кезде ол шынында да бокс тарихының аңыз боксшылары арасында көш бастайды. Жуырда мен Рейносомен сөйлестім. Алдағы уақытта біз оларға ресми ұсыныс жасаймыз. Ал шешімді олар қаңтарда шығаратын шығар", - деді промоутер.
Айта кетейік, әлі күнге дейін бокс жанкүйерлері "Канелоның" қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесуін қалайды. Негізі бұл боксшылар екі мәрте 2017 және 2018 жылдары кездескен. Бірінші айқас тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңіске жетті.
Жарнама