Трилогия алдында "Канело" осыған дейінгі екі айқас жайлы ойын айтты

16 қыркүйек 2022 00:08
©SI.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) болған екінші айқаста жеңіске таза жеткендігін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Ол екінші жекпе-жекте жеңілгенін іштей сезеді. Бірақ оны ешқашан ешкімге ашып айтпайды. Өз басым екі айқаста да жеңіске жеттім деп ойлаймын. Мұндай терезесі тең кездесулерде көпшіліктің пікірі екіге бөлініп жатады. Бірі Геннадий басым түсті десе, екінші тарап мен жеңдім деп есептейді. Бұл қалыпты жағдай", - дейді "Канело" Fightnews.info сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, 2017 жылы Головкин мен Альварес алғаш рет қолғап түйістіріп, тартысты айқас тең есеппен аяқталса, 2018 жылы өткен реваншта төрешілер мексикалықтың қолын көтерген еді.

Қос алып арасындағы трилогия елорда уақытымен 18 қыркүйек күні таңғы сағат 6:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар