"Триллердегі" дебют. Елеусінов пен Дычконың келесі жекпе-жектерінің уақыты белгілі болды

17 қыркүйек 2021 15:46
Данияр Елеусінов©

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычко (10-0, 10 КО) алдағы қазан-қараша айларында кезекті кездесулерін өткізуі мүмкін. Жекпе-жектер туралы олимпиада жүлдегерлерінің менеджері Зия Алиев Вестi.кз тілшісіне толығырақ айтып берді.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Дычко шаршы алаңға қазанның басында, ал Елеусінов одан шамалы кешірек оралуы мүмкін.&нбсп;

"Біз Триллер боxинг компаниясымен келістік. Олар кардтағы бір орынды Даниярға беруге дайын. Біз қазір осыны нақтылап жатырмыз. Данияр да, Иван да рингке шығады", - деп сөзін қорытындылады Алиев.

Ал алдағы желтоқсан айында Дычко мен Елеусіновтің кезекті кезедсулері жоспарда. Олар жекпе-жектерін Нұр-Сұлтан қаласында өткізуі мүмкін.

&нбсп;

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар