Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінен қашып жүрген чемпиондарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек WBO титулына ие Деметриус Андраде мен WBC белбеуі бар Джермалл Чарлоны айқасқа шақырған еді, алайда, екеуі де қазақ боксшымен жекпе-жекке шықпады.
"Чемпиондар менімен жекпе-жекке шықса үлкен табыс көре алмайды деп бәрі айтады. Бұл қателік. Ақша ғана емес, денсаулығынан, атынан, тіпті өмірінен де айрылады! Мен оларды түсінемін! Ақшаға түкіргендері бар, олар тірі жүргісі келеді! Жақында... және жаңа!", - деп жазыпты Әлімханұлы "Твиттерде".