Жеңіл салмақта WBC чемпионы филиппиндік Нонито Донэйр (42-6-0, 28 КО) Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Ол джебті жақсы пайдаланады, бұл "Канело" үшін қиындық тудыруы мүмкін. Әрине Альварес басымен керемет жұмыс істейді. Бұл жағынан ол ең мықтылардың бірі. Алайда Бивол бойының артықшылығын джебпен қоса пайдаланса, Альваресті ыңғайлы қашықтықта ұстай алады. Ал "Канело" үшін бұл тозаққа айналады. Алайда Сауль инфайтингке жылдам кіре алса, жекпе-жек бел ортасында аяқталуы да мүмкін.
Бивол "Канелоны" джеб арқылы тоқтата ала ма, жоқ па, мәселе сонда. Альваресте Сергей Ковалевпен айқаста қиындықтар болды. Қарсыласының ішіне кіруге алдыңғы қолы бөгет болды. Енді мәселе Биволдың осы әдісі қаншалықты нәтижелі болатынында. Егер "Канело" ыңғайлы қашықтықты таба алмаса, жекпе-жек бойы тік соққы мен апперкоттан қорғанудан басқа амалы қалмайды. Еуропалықтардың бәрінің, әсіресе Украинадан Қазақстанға дейін қолдары ұзын. Олар әуесқой кезінен тік соққы, апперкот және джебті жақсы қолданады. Сондықтан бұл өте қызықты кездесу болады. Егер "Канело" жақын қашықтыққа кіре алса, денеден соққы жасап, қарсыласын құлатады", - дейді Донэйр.