"Тосынсый болды". Сарапшы Жәнібектің алғашқы қорғауы мен Головкинмен айқас жайлы

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Notifight.com порталының шолушысы Людо Саенс Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының алғашқы қорғауы туралы ойын айтты. 

Жәнібек өткен демалыста Лас-Вегастағы бокс кешінің басты айқасында өз титулын сарапқа салып, британиялық қарсыласы Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңді.  

"Әлімханұлы орта салмақ чемпиондарының қатарына ресми түрде қосылды. Жеңіс оңайға тиген жоқ. Бентли бастапқы қысымға шыдас берді. Одан кейін өзін мықты жағынан ғана көрсетті. Мұндай қарсылықты ешкім күтпеді, тіпті Әлімханұлы да. Бұл ол үшін тосынсый болды. Қазақстандық боксшы барлық қателіктерін түртіп алды деген ойдамын. Үлкен айқастар алдында ол титулын бірнеше рет қорғау керек болады. Оның Головкинмен жұдырықтасқанын көрмейтін шығармыз, бірақ дивизиондағы өзге мықты боксшылармен жекпе-жек әбден ықтимал", - дейді Саенс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport