Бокс
25 маусым 2019 09:55
 
"Төртінші дивизионды бағындыру". "Канело" қыркүйекке Головкин орнына басқа қарсылас таңдады

  Пікірлер

blog.share

"Төртінші дивизионды бағындыру". "Канело" қыркүйекке Головкин орнына басқа қарсылас таңдады © latimes.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) төртінші салмақ катеогриясын - жартылай ауыр дивизионды бағындырмақ. Бұл туралы World Boxing News хабарлап отыр.

Ақпарат бойынша, мексикалық жұдырықтасуы ықтимал боксшылардың ішінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевтің есімі аталып отыр. Бұл сыбыс бойынша ресейліктің ісін жүргізетін Main Events компаниясының промоутері Кэти Дува пікір білдірді.

"Мен де мұндайды естідім. "Канело" Ковалевтің титулы үшін жұдырықтасқысы келеді дейді. Бірақ әзірге Golden Boy компаниясынан ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Сондықтан қаншалықты рас екені беймәлім. Әлбетте, Сергей дайын. Бұл тарихи жекпе-жек болар еді - Альварестің төртінші салмақ дәрежесін бағындыруға тырысуы. 

Егер рас болса... Альварес шынымен мұны істегісі келсе, оған құрмет білдірімеске болмас. Онда ол ең мықты қарсыластарды таңдайтын, шынымен ескі дәстүрде шыныққан боксшы. Жанкүйрелер "Канелоның" жоғары салмаққа өтіп, Ковалевпен жұдырықтасқанын көру мүмкіндігіне қалай қуанарын айтсаңызшы", - дейді промоутер. 

Альварес келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге (39-1-1, 35 КО) қарсы өткізеді деп күтілген еді. Тараптар трилогия бойынша келіссөзді деп бастап кеткен, алайда, ол тығырыққа тірелді. 

"Канело" Головкинді жеккөретіні соншалық трилогияны бұзу үшін промоутерлеріне қарсы келуі мүмкін

Жарнама

Живи спортом!