Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 KO) титулын қорғайтын айқас алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундқа есептелген бұл жекпе-жек 13 қараша, алдағы жексенбі күні Лас-Вегаста өтеді.
"Аллаға шүкір, тарих жасадық. WBO чемпиондық белбеуін Қазақ жеріне алып келген тұңғыш қазақ болдық. Ел қуанды. Жұрт мақтанды. Бұйыртса осы жексенбі сол титулды қорғаймыз. Өте маңызды кездесу. Сол үшін де жоғары деңгейде дайындық жасадық.
Сенімдеріңізге рақмет! Құдай қаласа әлемді шулатамыз. Ірі сөздер мен ірі істер енді басталады. Барлығы жоспармен болып жатыр. Біздің мақсатты жақсы білесіздер! Біздің команданы жақсы білесіздер! Біз ашпыз, біз төрт салмақтың белбеуіне ашпыз! Құдай қаласа тағы да тарих жасаймыз!" - деп жазыпты Жәнібек Instagram желісінде.