Ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) Оберхаузен (Германия) қаласында екінші деңгейлі белбеу сарапқа салынған жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық нокаутшының қарсыласы жергілікті Хуссейн Мухамед (17-1, 14 КО) болды. 12 раундқа есептелген жекпе-жекте Жанға тиесілі WBC International титулы сарапқа салынды.
Қазақстандық боксшы қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіріп, бұл жекпе-жекті үшінші раундта нокаутпен аяқтады.
Осылайша, Кособуцкий кәсіпқойда 19-рет жеңіске жетті, ал германиялық карьерасында алғаш рет жеңілді.