Қазақстан жастар құрамасының басым бөлігі Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатында финалына шықты
Аға-жаттықтырушы Максат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спорт шеберлері 11 жолдама жеңіп алды.
Қазақтың 4 боксшысы финал үшін айқаста қарсыластарын нокаутқа түсірді
Коломбода алтын үшін шаршы алаңға шығатын боксшылар:
Нұрхан Құмарбеков (48 кг);
Досымжан Таңатар (51 кг);
Алдияр Бахадүр (54 кг);
Нығман Нығмет (57 кг);
Әділет Төртубек (60 кг);
Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг);
Сұлтан Тұрдалы (67 кг);
Жасұлан Бердәлі (75 кг);
Игорь Соловьёв (80 кг);
Расұл Асанханов (92 кг);
Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг)
Жастар арасындағы Азия чемпионатының шешуші жекпе-жектері 22 мамыр күні өтеді.
Жарнама