Қазақстан құрамасының төрт боксшысы Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын үшін жұдырықтасады.
Жартылай финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша финалға Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) өткен еді.
Тағы төрт қазақстандық боксшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Олар - Мадира Жұмахан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетан Жарқынбек (90 келі).