Бірінші орта салмақ чемпиондары америкалық Джермелл Чарло (34-1-1, 18 KO) мен аргентиналық Брайан Кастаньо (17-0-2, 12 KO) дивизионның абсолют чемпионын анықтай алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар арасындағы Сан-Антониода (АҚШ) өткен 12 раундты кездесу тең аяқталды.
Екі боксшы бір-бірінен басым түсе алмады, дегенмен, Кастаньо америкалықтан біраз жақсырақ жұдырықтасқандай әсер қалдырды. Қалай болғанда да төрешілер өз шешімін шығарды: Кастаньо пайдасына 114-113, Чарло пайдасына 117-111 және үшінші төреші 114-114 көрсетті.
Осылайша, Джермелл Чарло WBC, WBA және IBF титулдарын сақтады және Брайан Кастаньоның да WBO белбеуі өзінде қалды.