Ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы Александр Усик The Ring журналының тұжырымы бойынша pound-for-pound рейтингінің басына шықты.
Бұған дейін тізімде көшбасшы Наоя Иноуэ болған. Қазір жапониялық екінші орында. Ал үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеп тұр.
19 мамырда Александр Усик британиялық Тайсон Фьюриді жеңіп, алты бірдей белбеуге ие болды: төрт негізгі (WBA (Super), WBC, IBF, WBO) және екінші деңгейлі екеуіне (IBO және The Ring).
Осылайша, Усик ауыр салмақта 2000 жылдан бергі соңғы чемпион Леннокс Льюистен (41-2) кейінгі және төрт белбеу дәуіріндегі алғашқы абсолют болып отыр.