Төрешілер туралы ойын айтты. Әбілхан қарсыласын есеңгіреткенімен жеңіс өзбек боксшыға берілген

Сурет: ҚБФ

Қазақстандық Әбілхан Аманқұл Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатының финалындағы айқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келідегі шешуші айқаста Әбілхан өзбекстандық Саиджамшит Жафаровпен жұдырықтасты. Екінші раундта қазақ боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді, алайда, жекпе-жек бітісімен төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. 

"Өкінішті, әрине. Рингте болғандықтан төрешілер жұмысына қатысты ештеңе айта алмаймын. Өзім қателескен болармын, уақытты созып алдым. Бұл қарсыласпен бірінші рет кездесіп отырмын. Бәрі дұрыс жүрді, тек бірінші раундта уақытты жіберіп алдым. Мұның бәрін ескеремін. Енді мұндай қателік жібермес үшін, қарқынды еңбек етемін", - дейді боксшы айқастан кейін. 

Жаңалықтар