Қазақстандық боксшы Жексен Бейбарыс Софияда (Болгария) өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты ретінде белгілі "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/8 финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақта ол 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, моңғолиялық Лундаа Гантумурпен кездесті.
Барлық үш раунд та моңғол боксшының пайдасына шешіліп, әр раунд 4:1 есебімен аяқталды. Нәтижесінде жеңіс төрешілердің ортақ шешімімен Гантумурға берілді.
"Странджа кубогы - 2026" турниріндегі Қазақстан боксшыларының бұған дейінгі нәтижелері:
Бекзат Алдамжаров (50 кг) 1/8 финалда Асильбек Жалиловқа есе жіберді
Фарух Тохтасынов (70 кг) 1/16 финалда аустриялық Арсен Чабиянды жеңді
Бағлан Кенжебек (55 кг) 1/16 финалда Ниджат Гусейновтан басым түсті
Тимур Қабдешов (55 кг) ирландиялық Пэтси Джойсты жарыстан шығарды
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (77 кг) 1/16 финалда өзбекстандықАбдулазиз Журакуловты жеңді
Нурмагамед Юсупов (90 кг) Уэльс боксшысы Коннор Уильямсты жеңіп, 1/4 финалға өтті
Руслан Күзеубаев (90 кг) 1/8 финалда америкалық Салим Эллис-Бейге есе жіберді.