Бокс
4 шілде 2018 16:01
 
"Төрешілер шешіміне дейін жетпейді". Головкиннің командасы қарымтаға дайындық туралы

  Пікірлер

blog.share

"Төрешілер шешіміне дейін жетпейді". Головкиннің командасы қарымтаға дайындық туралы © unclive.com

Промоутер Том Леффлер мен бапкер Абель Санчес қазақстандық Геннадий Головкин  (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты ұстанған жоспарларымен бөлісті.

Facebook желісіндегі телеконференция кезінде Леффлер орта салмақтың басты екі жұлдызы екінші рет жекпе-жек өткізетіні өте қуанышты жағдай екенін және Головкин бұл жолы қарымтаның немен аяқталатынын төрешілер емес өзі шешпек ниетте екенін атап өтті.

"Біз 15 қыркүйекте жай ғана қарымта жекпе-жекті тамашаламаймыз. Боксшылардың көбі бір ғана жекпе-жекті өткізе алмай жүр, ал мұнда ең ірі бокс жұлдыздары қарымта өткізбек. Ешкім төрешілер шешіміне дейін жеткізгісі келмейді. "Канело" нокатуқа түсерітінін айтады, ал Головкин былтыр қыркүйектегі жағдайға қайта түсксі келмейді - тағдырын үш адам шешетін күйге. Ол тағдырын өзі басқарып, 15 қыркйекте кімнің чемпион екеніне күмән қалдырғысы келмейді", - дейді промоутер.

Ал Санчес қазақстандық боксшының қарымтаға дайындығы қалай өтіп жатқанын айтып берді.

"Әрине аздаған өзгерістер болады, бірақ, Геннадий көрермендерге ұнайтын және мерзімінен бұрын аяқталған 23 жекпе-жек сериясында сыналған стильде жұдырықтасады. Өзгерістер өте аз болады деген ойдамын. Алайда көп нәрсе "Канелоның" батылдығын қалдырып кетпей, өзімен ала шығуына байланысты", - дейді бапкер.

Еске салайық, Головкин мен Альварес былтыр 16 қыркүйекте жұдырықтасқан. Биыл 15 қыркүйекте боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренассында рингтегі қарсыластығына нүкте қоймақ. Бокс кешін HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді.

Жарнама

Живи спортом!