Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкіліне қатысты жанжал шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің сербиялық Омер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырған. Жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақстандық жеңіске жетті.
Сербияның бокс одағы бұл шешімді "ұят" деп атап, төрешілерді жеңісті ұрлады деп айыптады.
"Төрешілер шешімі біздің боксшымызға қарсы болды", - деді одақ президенті Слободан Джурич. "Серб боксшыларының бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерінде осындай болды, төрешілер бәрінің көз алдында қарсыластарына алғашқы раундты берді, дегенмен бұл раундтар боксшыларымыздың таза жеңісі еді", - деді ол.
Функционер жекпе-жектің нәтижелеріне шағымданғанын айтты.
Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе, қазақстандықтың әлем чемпионаты жүлдесіне ілігеді.
Еске салайық, бұған дейін де өзге қазақ боксшы Олимпиада чемпионын жеңіп, Өзбекстан тарапы даулы мәлімдеме жасаған болатын.