Төрешілер бұра тартты ма? Бибосынов финалда Олимпиада чемпионымен жұдырықтасты

©AIBA

Бүгін, 12 қараша Иордания астансында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Сәкен Бибосынов өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бибосынов құрлықтық турнирдің шешуші айқасында өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездесті. 51 келіде өткен жекпе-жекте 4:1 есебімен өзбек боксшы үстем түсті. 

Айта кетейік, Дусматов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және Азия чемпионатын екі рет жеңген  (2015, 2017). Ал былтыр Белградта өткен әлем біріншілігінің финалында Бибосынов дәл осы Дусматовпен қолғап түйістіріп, Сәкен жеңген болатын. 

Осыған дейінгі финалық айқаста Санжар Тәшкенбай жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport