Бокс
4 маусым 17:09
 

Төрешілер "аяқтан шалған" қазақстандық боксшы Головкинге үн қатты

  Пікірлер

blog.share

Төрешілер "аяқтан шалған" қазақстандық боксшы Головкинге үн қатты ©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов (14-3, 5 КО) Ұлттық олимпиадалық комитет басшысы Геннадий Головкинге виде үндеу жасады, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов (14-3, 5 КО) Ұлттық олимпиадалық комитет басшысы Геннадий Головкинге виде үндеу жасады, деп жазады Vesti.kz.

1 маусым Алматыда өткен бокс кешінде Коточигов жастар арасында WBC Asian Silver және WBO Asia Pacific титулдарына ие Мирас Ертановпен (6-1, 3 КО) кездесу өткізді.

Бірінші жартылай орта салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жек Ертановтың жеңісімен аяқталды. Алайда Коточигов төрешілер шешімімен келіспей, Головкиннен әділдік сұрап үн қатты. 

"Жекпе-жекте анық жеңіске жеттім, бірақ маған жеңісімді бермеді. Төрешілер әділетсіз шешім шығарды. Комиссия айқасты қайта қарап, жеңісті нағыз чемпионға бергенін қалаймын. Ал қазылық еткендер жазасын алсын, өйткені осылай аяқтан шалудан көптеген спортшылар зардап шегуде. Мұндайға көз жұма қараудан жас спортшылардың көбі тауы шығылып, спорттан кетуде, тағдаран талқан болуда. Ендеше бәрі әділ болсын! Қазақстан, алға! Қазақстан спорты гүлдей берсін", - дейді Коточигов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!