Төрешіде амал қалмады. Қазақстандық боксшының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

©instagram.com/angelina_lukas1997/

Кеше, 29 ақпан Таиланд астанасы Бангкокта қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz
 
Қазақстандықтың қарсыласы 17 жастағы таиландтық Кадесара Джадпакди болды.

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек екі минуттан сегіз раундқа есептелген болатын. Алайда төртінші раундта төреші қазақстандық боксшының қарсыласын оңдырмай сабағанын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Лукас техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл 26 жастағы Ангелинаның кәсіпқойдағы жетінші жекпе-жегі, ол төртінші рет нокаутпен жеңіп отыр және бір рет жеңіліс тапқан. Ал жеті рет жеңіске жеткен Джадпакди осымен төртінші рет жеңіліп отыр және нокаутпен үшінші жеңілісі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар