Бокс
11 тамыз 13:47
 

Төреші ұпайдан айырса да қазақ боксшы бәрібір өзбектен жеңісті жұлып алды

  Пікірлер

blog.share

Төреші ұпайдан айырса да қазақ боксшы бәрібір өзбектен жеңісті жұлып алды ©instagram.com/kasipkoyboxing/

Қазақстандық Санжаралы Бегалиев Бангкокта (Таиланд) жастар арасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Санжаралы Бегалиев Бангкокта (Таиланд) жастар арасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол 2025 жылғы құрлықтық жарыста 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Алтын үшін өткен кездесуде Санжаралыға қарсы өзбекстандық Рахматулло Бойматов шықты.

Бірінші раунд 3:2 есебімен Бойматовтың пайдасына шешілді. Айта кету керек, осы кезеңде төреші Бегалиевтен ереже бұзды деп бір ұпай шегерді.

Алайда екінші раундта Санжаралы камбэк жасап, 3:2 есебімен алға шықты. Осылайша, жекпе-жектің тағдыры шешуші үшінші раундта анықталды, бұл кезеңде жеңісті Бегалиев жұлып әкетті. Кездесу Санжаралының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Бұған дейін ерлер арасындағы финалда үш қазақстандық спортшы өнер көрсеткен болатын:

- Нұрислам Қалдыбаев өзбекстандық Шохрух Абдумаликовты жеңіп, ерлер құрамасының алғашқы алтынын жеңіп алды;
- Илья Калинин финалда Өзбекстан қазағы Саят Ильясовқа жол берді;
- Нұрбек Мұрсал өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмоиловтан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!