Бокс
4 қараша 2021 13:55

Төреші қазақ боксшыны әлем чемпионатында аяқтан шалғанын мәлімдеді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық төреші Серікжан Ешмағамбетов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында төрешілер Санатәлі Төлтаевтың ақысын жеді деп есептейді, деп хабарлайды Vesti.kz.

63,5 келі салмақта жартылай финалға жолдама үшін айқаста қазақ боксшы шотландиялық Рис Линчке 2:3 есебімен есе жіберді. Ешмағамбетов бұл есеп әділетсіз болғанын айтады.

"Төлтаевтың ақысын жеді. АИБА төрешілері арқылы білгенін істеп жүр", - деп жазыпты Ешмағамбетов Instagram желісінде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport