Төреші Батыр Жүкембаевпен шықпай қойған өзбек нокаутшының жекпе-жегін ойран қылды

Сурет: Darakchi

Ташкентте өткен бокс кешінде төреші жартылай орта салмақтағы жергілікті проспект Шохжахон Эргашевтің (20-0, 18 КО) африкалық Салиму Дженгомен (16-4, 10 КО) жекпе-жегін ойран етті, деп хабарлайды vRINGe.com.

Шохжахон қарсыласын бірінші раундта-ақ есеңгіретті. Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатып, өзбек боксшының жеңгенін тіркеді. Алайда бұған бәрі наразы болып қалды: жеңімпаз да, жеңілген боксшы да, жанкүйерлер де. Төреші ағаттық жасағанын бірден түсініп, шешім шығарып тастағаннан кейін кездесуді қайта жалғастырмақ болды. 

Атлетикалық комиссиямен кеңес он минттай уақытқа созылды, әбден зерігіп, ашуланған көреремендер рингке қоқыс лақтыра бастаған екен. Осыдан кейін ринг-аннонсер жағдайды түзеуге тырысты. Нәтиже өзгеріссіз қалды. 

Еске салайық, Эргашев қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевпен (18-1, 14 КО) кәсіпқой рингте жұдырықтасудан бас тартқан еді. Ол туралы мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз.