Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы жапониялық Севон Окадзава болды. Бірінші раунд 4:1 есебімен Сабырханның қарсыласына бұйырды. Екінші үш минуттықта Торехан басым түсіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, алтынның тағдыры шешілген үшінші раундта Төрехан 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, қазақстандық боксшы ересектер арасында алғаш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алып отыр.
Жартылай финалға дейін Төрехан Сабырхан бірнеше қарсыласын сенімді түрде жеңді. Ол 1/16 кезеңде Алжир боксшысы Юсеф Ислам Яишті, 1/8 финалда нидерландтық Финн Роберт Босты, ал ширек финалда франциялық Макан Траорені ұтты. Жартылай финалда ол англиялық Одель Камарадан басым түсті.