Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол Қытай боксшысы Пейчен Ванмен кездесті. Алғашқы раундта-ақ Төрехан қарсыласын нокдаунға түсірді.
Екінші раундта да жекпе-жек екі рет тоқтатылып, қарсылас тағы нокдаунға түсті. Нәтижесінде төреші айқасты мерзімінен бұрын аяқтап, жеңісті Төрехан Сабырханға берді.
Осылайша, қазақстандық боксшы алтын үшін жекпе-жекке шығады, ал қытайлық спортшы қола жүлдені қанағат тұтты.