Бокс
Кеше 10:17

Төрехан Сабырханның жекпе-жегі нокдаунмен бітті

©СДД

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан XX жазғы Азия ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда ол Катар боксшысы Мохаммед Дбичимен кездесті.

Жекпе-жек Қазақстан боксшысының айқын жеңісімен аяқталды. Төрешілердің ортақ шешімі бойынша Төрехан 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта Төрехан қарсыласын нокдаунға түсірді. 

Енді жартылай финалға өту үшін Төрехан Сумит (Үндістан) - Әли Қасым Әл-Саррай (Ирак) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ширек финалдағы жекпе-жек 28 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, бүгін, 24 қыркүйекте Қазақстан құрамасының бұрымды боксшысы Алуа Балқыбекова (51 келі) Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Үндістаннан келген Сакши болады.

Еске салайық, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 21 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport