Төрехан Сабырханға ересектермен айқасуға рұқсат берілді
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырханның ересектер арасындағы жарысқа қатысатынын айтты.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырханның ересектер арасындағы жарысқа қатысатынын айтты.
"Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанды және "үздік боксшы" номинациясын жеңіп алды. Ол 17-24 желтоқсан Қарағандыда өтетін ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысады. Халықаралық ереже бойынша 2006 жылы туған боксшылар ересектер арасында тек келесі жылдан өнер көрсете алады. Алайда біз алдағы Қазақстан біріншілігінде Черногорияда өткен әлем чемпионатының жүлдегері атанған жас боксшыларға мүмкіндік береміз", - дейді Сәтжанов.
Жарнама