Бокс
Кеше 22:01
 

Төрехан Сабырхан кіші ӘЧ-де кәсіпқой боксшымен айқасты

  Пікірлер

blog.share

Төрехан Сабырхан кіші ӘЧ-де кәсіпқой боксшымен айқасты ©СДД

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Странджа кубогінде төртінші жарыс күнінің кешкі сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.  

blog.share

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Странджа кубогінде төртінші жарыс күнінің кешкі сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.  

67 келіде өнер көрсететін Төрехан Сабырхан грузиялық Лаша Гогнидземен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша, Төрехан 5.0 есебімен таза жеңіске жетті. 

Қарсылас тәжірибелі боксшы:

Айта кетейік, Вoxrec порталының ақпаратына сәйкес грузиялық боксшы 2019 жылдан бастап кәсіпқойда да өнер көрсетеді және осы уақытқа дейін кәсіпқой карьерасында 20 рет жеңіске жетіп, 10 рет жеңілген көрінеді. Аалйда бұл ақпарат күмәнді, өйткені боксшыны 21 жаста деп көрсетіпті, демек алты жыл бұрын кәсіпқой карьерасын бастағанда ол тек 15 жаста ғана болған. 

Ал tapology.com сайтындағы дерек бойынша Гогнидзенің рекорды 5-3-0 делінген, демек, ол кәсіпқойда сегіз жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңілген және кәсіпқой карьерасын 2023 жылы бастаған екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!