Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан кәсіпқой рингтегі бірінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Астанада өтіп жатқан бокс кешінде Төреханның қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-7, 2 КО) болды. Бұл кездесу алты раундқа есептелген болатын, алайда, үшіншісінде аяқталды. Чехиялық боксшы екі рет құлады, екіншісінен кейін ол жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылай Төрехан техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Жарнама